Жемқорлықпен сотталған азаматты жұмысқа алған елордалық шенеунік қызметінен кетті

364

Елордалық білім басқармасының бұрынғы директоры Шәкәрім Сейсенбай 5 жылға сотталған адамды жұмысқа алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, артынан өз еркімен жұмыстан кетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.


Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің телеграм-каналында айтылған.

Шәкәрім Сейсенбай балабақша меңгерушісі қызметіне соттылығы бар маманды жұмысқа алған. Жасаған қылмысы үшін бес жыл түрмеде отырып шыққан бұл жан туралы өзге деректерге рұқсат жоқ. 

Құзырлы органдар басшының жағдайға қатысты мейірімділігі мен бейқамдығын еске отырып, жасаған әрекеті үшін 200 мың теңгеге жуық айыппұл салған. Кейін елорданың бас ұстазы кінәсін мойындап, өз еркімен жұмыстан кетуге шешім қабылдағанын жариялаған.   
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.