СЫРДАРИЯҒА РЕСЕЙЛІК АВТОКӨЛІК БАТЫП КЕТІП, ІШІНЕН МӘЙІТ ТАБЫЛДЫ

811
Қызылорда қаласында оқыс оқиға орын алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін түңгі 03:54 шамасында Сырдарияға автокөлік түсіп кеткендігі жөнінде Төтенше жағдайлар департаментіне хабар түскен. Жедел іздестіру барысында жедел құтқару жасағы  1 техника 5 адам  жұмылдырылған.   Автокөлік  ішінде адам болғандығы да белгілі болған.  




Құтқарушылар  оқиға орнына жедел  барып, барлау жұмыстарының   нәтижесінде 04:20 су асты іздестіру жұмыстары басталды. Жағаға «Daewoo Nexia» ресейлік нөмерлі   автокөлігі табылып, ішінен 2 адам болғандығы айқындалған.
 
Жолаушы 1994 жылы туылған азамат өз күшімен  сыртқа шыққан. Ал, жүргізуші 1994 жылы туылған азамат автокөлік ішінде қалғандығы анықталып, өлі денесі табылғандығы анықталды.



редактор,
Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ