Қазақстанда 560 америкалық компания жұмыс істейді

371
Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен 560-тан астам компания табысты жұмыс істеуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«АҚШ – Қазақстан экономикасының екінші ірі инвесторы екенін атап өткім келеді. Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен 560-тан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық кооперацияны одан әрі нығайту жолдары да бүгінгі отырыста талқылануда. Пікір алмасу жолымен біз еліміздегі саяси реформаларды, демократияландыру мен адам құқықтарын сақтауды қарастырдық және алдағы уақытта да қарастыратын боламыз», - деді Ақан Рахметуллин Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап америкалық әріптестермен бірге С-5+1 диалогы Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды құралы болып қала береді деген пікірде.

«Келесі жылы біз өзара саяси және экономикалық байланыстардың осындай жоғары қарқынын жоғары деңгейде ұстап тұруға ниеттіміз. Америкалық серіктестерімізге елімізге сапарлағаны үшін, шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз», - деді А.Рахметуллин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.