Қазақстан пандемиямен күресуге 2 млрд еуродан астам қарыз алды

309
2020 жылы пандемиямен күресу үшін Қазақстан халықаралық қаржы ұйымдарынан екі млрд доллардан астам қаржы алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Зерттеу» ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, бұл қаражаттың басым бөлігі Азия даму банкінен (АДБ) қарызға алынған.

«2020 жылы Қазақстан халықаралық қаржы ұйымдарынан түрлі нысандарда екі млрд доллардан астам қаражат алды. Бұл үш ұйым: Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірге және Еуропалық қайта құру және даму банкі. Дүниежүзілік банк –  қолданыстағы несие шеңберінде әлеуметтік және медициналық сақтандыруды дамыту жобасы. Осы жобаның 27,3 млн доллары өзгертіліп, медициналық құрал-жабдықтарды, атап айтқанда, тыныс алу аппараттарын сатып алуға бағытталды», - деді қоғамдық қордың атқарушы директоры Шолпан Айтенова.

Оның айтуынша, көмектің ең көп көлемін Азия даму банкі. Одан келген қаржылай көмек Қазақстан бюджетін қолдауға және пандемия салдарын жеңілдетуге жұмсалған. Дәлірек айтқанда, бюджет тапшылығын қаржыландыруға жалпы сомасы 1,5 миллиард еуроны құрайтын екі несие алынды. Қазақстан бұл ақшаны банкке қайтаруы керек – ал қарыз бюджет есебінен төленеді.

«Сонымен қатар Ұлттық сараптама орталығы жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшін 1 млн доллардың екі грантын бөлді. Ал мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек пен керек-жарақ жеткізуге 3 млн доллар грант бөлінді. Сол үш млн доллар қайда кетті? Техникалық көмек: Ынтымақтастық қорын құруға 1 млн доллар. Сонымен қатар, 128 мың доллар – медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға, ал 50 мың доллар COVID-19 басқару орталығының веб-қосымшаларында тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған. Біз Еуропалық қайта құру және даму банкінің 500 млн доллар туралы айтып отырмыз. Қаржыландырудың 80 пайызы жеке сектор компанияларын қолдауға жұмсалды. Ал мұнда тек үш мемлекеттік компания қаражат алды, олар: Семей қаласындағы «Келешек» МКК қатты тұрмыстық қалдықтар үшін 243 млн доллар алды, ал «Интергаз Орталық Азия» және «ҚазТрансГазАймақ» 46 млн доллар алды. Бірақ қазіргі уақытта жобаның мәртебесі жойылды. Банк бізге түсіндіргендей, бұл жобаның қайта құрылымдаланатынын білдіретін техникалық күйі», - деді спикер.

«Zertteu Research Institute» ҚҚ-ның мәліметінше, бұл мәліметтердің барлығын қор қызметкерлері бір жылға жуық уақыт бойы жинаған.

«Бұл мәліметтер ашық дереккөздерінде жоқ», - дейді Шолпан Айтенова.