Прокурор Шерзат ісіндегі екі әйел туралы
1 902
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ашық сот процесі жалғасып жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сот тараптарының жарыссөзі кезеңінде мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай іс бойынша куәгерлер – Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбековаға қатысты жайттарды ортаға салды.
"Біз бұл процесте ақ пен қараны айыру, шындықты қалпына келтіру, әділетті орнату мақсатында жиналдық. Алайда шындыққа жету жолында сотта әдейі адастыруға тырысатын тұлғалар бар екенін көріп отырмыз. Атап айтқанда, сот отырысында Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді қылмыс жасалған сәтте оқиға орнында болғандарын растағанымен, өздерін "шоктық жағдайда" болғандарын, кейбір жағдайларды көрмегендерін, құқық қорғау органдарына хабарлауға мүмкіндіктері болмағанын, себебі қорқыныш күйде болғанын айтты. Олар өздерінің қалта телефондары сөмкеде, ал сөмкелері автокөлікте болды деген. Алайда тергеу барысында анықталған нақты деректер мен бейнематериалдар бұл мәлімдемелерді толығымен теріске шығарады", - деп атап өтті мемлекеттік айыптаушы.







