Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД «Пробация қызметінің үздік қызметкері» конкурсының екінші кезеңі өтті

214
Қылмыстық-атқару жүйесі  комитеті ішкі істер қызметкерлері арасында   «Пробация қызметінің үздік қызметкері»  байқауын  ұйымдасыруда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық-атқару жүйесі  комитеті ішкі істер қызметкерлері арасында   «Пробация қызметінің үздік қызметкері»  байқауын  ұйымдасыруда .

Шараның негізгі мақсаты – Пробация  қызметкерлерінің кәсіби білім, білік дәне дағды тиімділігін арттыру,  қызметкерлер арасынан үздігін анықтау. Байқау  үш кезеңде өтеді. Байқауға қатысушыларды дене, атыс, жауынгерлік және атқарылған жұмыстары бойынша аумақтық пробация қызметі басшыларының шешімімен бағаланды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне  қарасты жергілікті пробация қызметтерінен байқаудың талабына сәйкес, яғни пробация саласында еңбек өтілімі кемінде 3 жыл болған, тәртіптік шарасы жоқ,  9 қызметкер іріктеліп алынды.  Байқаудың бірінші кезеңі бойынша қызметкерлердің атқарған жұмыс барысы, дене, атыс, жауынгерлік дайындықтар бойынша сыналып, конкурста 9 қызметкерден 5 қызметкер іріктелді.  

Байқаудың екінші кезеңі ағымдағы жылдың 14 қаңтарында  өтті. Екінші кезеңге қатысушылар атыс, жауынгерлік ,дене даярлығы және теориялық білімі бойынша өзара сынға түсті. Қатысушы қызметкерлер арасынан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Жүнісов Жақсыбек  жеңімпаз болды. Осы қызметкер ҚАЖ комитетінде  өтетін  «Пробация қызметінің үздік қызметкері» байқауына  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің атынан қатысатын болады.

Дана Достанова 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД