БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі Назарбаевтың келгенін растамады

342
Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі ресейлік «РИА Новости» ақпарат көзіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елде жүргені туралы ақпаратты растамады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ria.ru-дың мәліметінше, Назарбаев қазір Қазақстанда.

«Оның баспасөз хатшысының соңғы хабарлағанына сүйенсек, Назарбаев Қазақстанда», - деген  елшілік өкілі.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Қырғызстандағы «Манас» халықаралық әуежайына Назарбаевтар отбасына тиесілі делген екі жеке ұшақтың қонғаны туралы хабарлаған болатын. Олардың бірі Македониядан, екіншісі Біріккен Араб Әмірліктерінен келген. Біраз уақыттан кейін екі жақ қырғыз астанасының әуежайынан шығып кеткен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.