Үйқамақта делінген Асқар Мамин қайда жүр?

421

Осы айдың басындағы дүрбелеңнен кейін Премьер-министр қызметінен кеткен Асқар Маминнің қай жұмыста жүргені белгілі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Ол "Qazaq Geography" қоғамдық қорынның төрағасы лауазымында қалған.

Үкіметті екі жылға уақыт басқарған 56 жастағы Асқар Мамин "Qazaq Geography" қоғамдық қорының Нұр-Сұлтандағы кеңсесіне келіп, жұмыс істейді.

Соңғы рет кеңсеге қашан келгенін білмеймін. Ол 2018 жылдан бастап біздің қордың төрағасы қызметін атқарады. Бұл оның қоғамдық жұмысы десек те болады, себебі жалақы алмайды,— деді Qazaq Geography өкілі Айжан Молдабаева.

Молдабаевның айтуынша, Асқар Мамин қордың басым бағыттарын айқындап, жобаларды бекітіп, қорды басқарады. ЭК тілшісінің "Асқар Мәмин кеңсеге күзетшілерімен келетін бе еді?" деген сұрағына, "Кеңседе кездесіп көрмеппіз" деп жауап берді.

Маминнің бірнеше мемлекеттік наградалары бар. Сондай-ақ ол Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы және Құрметті теміржолшы әрі құрылысшы. Ол 2013 жылы Франция құрметті легионының кавалері атанып, Латвияның мойындау Крестінің гранд-офицері атағын және Испанияның "Азаматтық қызметі үшін" Үлкен крестін алған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.