Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 6 адам зардап шекті

292
Пришахтинск қаласында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, автобустың төрт жолаушысы мен жолаушылар көлігінің жүргізушісі және оның серігі түрлі дене жарақаттарын алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус пен ВАЗ көлігінің жүргізушісі бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі Зелинский көшесі жағынан Техникалық база бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай қарсы жолаққа шығып кеткен. 

"Оқиға салдарынан ВАЗ көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факт полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада. 

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі көліктің жүргізушісі мен жолаушысынан бөлек, апат орнынан тағы төрт адам ауруханаға жеткізілгенін айтты.

"Алты адам зардап шекті. Олардың бірі Мақажанов атындағы емханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық бақылауға алынды", - деп хабарлады департаменттегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.