Қайтарымсыз несие алып беремін деп қызылордалықты сан – соқтырды

478
8 ақпан 2022 жылы  Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, белгісіз біреу «үлкен көлемде  несие алып беремін» деп сеніміне кіріп, 600 мың  теңге ақшасын жымқырған. Осы күнге дейін аталмыш адам уәде етілген несиені де ақшаны да қайтармаған. 
 
Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. 
   
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.