Сотталғандармен «Қуыршақ» терапиясы өтті

416
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тәрбиелеу процесінің бір бағыты мекеменің психологымен сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу болып табылады. Мекеме психологы Кеңес Салтанат  1 наурыз – Алғыс айту күніне орай   сотталғандар арасында  психологиялық тренинг өткізді. 

Шара барысында психолог маман сотталғандардың бір- біріне құрмет көрсетуін,  мейірімділік,  адамгершілік танытуы,  ата-аналары мен туған – туыстарына сезімдерін білдіруі тұрғысында дәріс оқыды. Одан соң оларға  «Қуыршақ» терапиясын жүргізіп, яғни сурет салып өз ойларын ішкі жан-дүниесін сурет салу арқылы білдірді. 

«Мекемедегі сотталған азаматтар өз ойларын, ішкі жан дүниесін психологтармен, яғни, бізбен сөйлесу арқылы білдіріп отырады. Бұл азаматтармен тренинг өткізу, олардың  өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын оятады.  Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру біздің міндетіміз», - деді психолог Кеңес Салтанат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.