Қарағанды облысында үш жігіт суға батып кетті
408
Қарағанды облысында 21, 19 және 15 жастағы үш жігіт суға кетті. Құтқарушылар екі мәйітті Қусақ өзенінің түбінен алып шықты. Суға батып кеткен тағы бір жігіт Кеңгір су қоймасынан табылды, деп хабарлайды
Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
14 мамыр сағат 12:00-де диспетчер пультіне Қошқар ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде Құсақ ауылдық округінде 2001 жылы туған жас жігіт пен 2007 жылы туған жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
"Іздеу жұмысына 86 адам, 29 техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Сағат 12:35-те жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған марқұмның денесін өзеннен тауып алды. Қаза тапқан екінші адамның мәйітін құтқарушылар 17:55-те 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы бір қайғылы оқиға Жезқазған қаласында Кеңгір су қоймасында болды.
"Спутник" саяжайы аумағында құтқарушылар судан 2003 жылы туған жас жігіттің денесін алып шықты. Қарағанды облысының ТЖ департаменті өңір тұрғындарына шомылу маусымы әлі басталмағанын ескертеді.