Ер адам BMW, Nissan, жедел жәрдем көлігін ұрлап, үш рет жол апатына ұшырады

254

1994 жылы туған ер адам Алматы қаласы мен Алматы облысында түнде әбігерге түскен. Ол екі көлік пен жедел жәрдем көлігін ұрлаған. Құқықбұзушының ізіне түсу сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам BMW, Nissan, жедел жәрдем көлігін ұрлап, үш рет жол апатына ұшырады 

Адамның көлік ұрлаған сәті түсірілген видео Istagram-дағы пабдиктерде жарияланды.


Қалалық полиция бөліміндегілердің Zakon.kz-ке берген мәліметінше, 31 шілде сағат 21:45-те Құлжа трактінің бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағынан BMW маркалы автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен.


Ұрлықшы ауладан шығып бара жатып, көлік ұрысы «Аудимен» соқтығысқан, артынша жасырынып қалған. Бірнеше минуттан кейін қаскөй ұрланған көлікпен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында қозғалыс бөлігінің қарсы жолағына шығып кетіп, «Тойота» көлігімен соқтығысқан. Ұрлықшы оқиға орнынан жаяу қашып кеткен,- деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, бірнеше минуттан кейін ол 28 жастағы бойжеткеннің Nissan көлігін күштеп тартып алған. Бірақ алысқа бара алмаған, ер адам тас жолда көліктің аударылып кетуіне себеп болған.

Куәгерлер «жедел жәрдем» шақырған. Осы жерде күдіктінің ойына көлікті ұрлап кету түседі. Облыстық жедел жәрдем стансасына тиесілі «Jac Sunray» көлігінмен қаскөй тағы да қалаға кіріп, «Ұстап алу» жоспары бойынша патрульдік полицияның экипажына бірден ұсталды,- деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті – 1994 жылы туған К есімді азамат.

Медициналық тексеру кезінде анықталғандай, ол есірткіге мас күйінде болған. Қамауға алынды. Медеу ауданы әкімдігінің жанындағы полиция бөлімінде, сонымен қатар Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімдерінде бөтен көліктерді заңсыз басып алу фактілері бойынша үш қылмыстық іс тіркелді,- деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қалалық ПД-да үш ЖКО фактісі бойынша ресми іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,- дейді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.