Қызылордада полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

618
Қызылордада жүргізуші полицейлерден қашпақ болған. Оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігi Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Фото: polisia.kz
11 тамызда түн ортасы кезінде патрульдік полиция экипажы Қызылорданың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған УАЗ көлігін байқаған.

"Полицейлер тоқтатуды талап етті. Алайда жүргізуші бұған мән бермей, қозғалысты жалғастырып, жол жиегіне шығып кеткен", - деді полицейлер.

Тексеру барысында рөлде көлік құралын басқару құқығынан айырылған 46 жастағы қызылордалық болғаны белгілі болды.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 3-1-бөлігі және 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.