Қазақстанда шамамен 21 млн тонна шөп дайындалды – АШМ
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында егін жинау науқанына дайындық және жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Былтырдан бастап азықпен қамтамасыз ету және жедел ден қою мәселелерін шешуді үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, өз жұмысын істеп жатыр. Мал азығымен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Үкімет бірқатар жедел және жүйелі шаралар қабылдады.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 2022 жылғы 31 қаңтарда ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын күтіп-бағу шығындарын ішінара өтеу үшін Үкіметтің резервінен Маңғыстау облысына 663,9 млн теңге бөлінді. 2022 жылға облыс әкімдіктері мал азығын сатып алу құнын арзандатуды субсидиялауға 11,5 млрд теңге бөлген.
2022 жылғы сәуірде республикалық бюджет комиссиясының отырысында 200 мың тонна көлемінде жемдік астық сатып алу үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20,0 млрд теңге бөлу мақұлданды. Биылғы 22 тамыздағы жай-күй бойынша Азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылығы қожалықтарына арзандатылған бағамен 130,5 мың тонна жемдік астық өткізді, бұл нарықтық бағадан 30%-ға төмен.
- мал шаруашылығы бағытындағы шаруашылықтарға ғылыми-негізделген азықтық ауыспалы егістерді әзірлеу және енгізу;
- шаруашылықтардың азықтық дақылдардың тұқымдарымен азық өндіруге және дайындауға арналған техникаға қажеттілігін аңықтау;
- ауыспалы жайылымдардың жаппай енгізілуін және сақталуын қамтамасыз ету және т.б.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар Жол картасының іс-шараларын орындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын азықпен қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдардың егіс алаңдары 3,2 млн га-дан 3,7 млн гектарға дейін ұлғайтылды.
Жалпы 2022 жылы еліміздің көптеген аймақтарында жағымды ауа райының жағдайлары (жауын-шашын) байқалады, бұл азық дайындау науқанның сәтті өтуіне ықпал етеді.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған жедел деректер бойынша бүгінгі таңда 21,0 млн тонна шөп дайындалды, бұл жоспардың 87,3%-ы, жоспар 24,1 млн тоннаны құрайды. Жалпы барлық өңірде мал азығын жинау жұмыстарын орындау барысының оң серпіні байқалады.
22 тамыздағы жағдайы бойынша пішендеме дайындау 1,2 млн тоннаны немесе 90,6%, сабан 1,0 млн тоннаны немесе 27,4%, құнарлы азық 918 мың тоннаны немесе 17,6% және сүрлем 192 тоннаны немесе жоспардың 11%-ын құрайды.
Оның айтуныша, биылғы қолайлы жағдайлар егін жинау жұмыстарын уақытылы бастауға мүмкіндік берді және бүгінде республика бойынша барлығы 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың көрсетілген облыстардағы жалпы жинау алаңының 13,9%-ы жиналды.
Гектарына орта есеппен 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 млн тонна астық бастырылды. Жаппай егін жинау республиканың барлық өңірінде басталғанын атап өту қажет. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құрады (2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға көп). Оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алаңы 16,1 млн гектарды құрайды.
Егер дақылдар, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша бидай жинау алаңы 12,9 млн гектарды құрайды, оның 1 054,3 мың гектары немесе 10,1%-ы 14,4 центнер өнімділікпен жиналды, 1,5 млн тонна бастырылды.
Майлы дақылдардан 3 463,4 мың гектардың егіні жиналуы тиіс, бүгінде гектарына 7,0 центнер өнімділікпен 16,6 мың га жиналды. Картопты 198,9 мың га алаңнан жинау қажет, 675,7 мың тонна өнім жиналды, өнімділігі гектарына 203,3 центнер. Көкөністерді жинау алаңы 169,7 мың га құрайды, 253,0 ц/га түсімділігімен 1,9 млн тонна жиналды.
Мәселен, облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша бүгінде дәнді дақылдар егісінің 70%-ы (10,6 млн га) – жақсы жай-күйде, 28,3%-ы (5,0 млн. га) – қанағаттанарлық, 1,7%-ы (0,2 млн га) – нашар жай-күйде. Өсу фазалары бойынша дәнді дақылдардың пісіп-жетілу кезеңінде (12,9%-ы – сүтті пісу, 25,5%-ы – сүтті-балауызды, 35,8%-ы – балауызды, 25,7%-ы – толық). Жаппай егін жинау жұмыстарын бастауға ауыл шаруашылығы өндірушілері барлық қажетті техниканы дайындады.
Жалпы егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикада 147,7 мың трактор, 38,1 мың астық жинайтын комбайн, 13,3 мың дестелегіш, 73,4 мың трактор тіркемесі бар. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен кредит беру пысықталғанын атап өту қажет.
Анықтама: лизингтің мынадай шарттары келісілді: лизинг мерзімі – 10 жылға дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,0%; лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының 0%-ы; негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл; техниканы бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасы 205 000 000 (екі жүз бес миллион) теңгеден аспайды.) және ауыл шаруашылығы тракторлары мен комбайндарының үш бірлігінен аспайды.
Жеңілдікті лизингке шамамен 40,0 млрд теңге бағытталды. Биылғы 5 тамыздан бастап «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының барлық филиалдарында осы бағдарламаға қатысуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Бүгінде 16,9 млн теңге сомасына 306 өтінім қабылданды (306 техника, оның ішінде: 83 комбайн және 223 трактор). Қаржылық лизинг шарты жасалды – 703,0 млн теңге сомасына 17 өтінім берілді. 4,3 млрд теңге сомасына 64 өтінім мақұлданды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізуі үшін 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын мұнай өңдеу зауыттарына бекітіп беру графигі бекітілді. Шілде көлемдерін өңірлер толығымен алды. Қазіргі уақытта тамыз көлемі тиеп-жөнелтілуде.
Энергетика министрлігі тамыз айына хаттамамен мұнай өңдеу зауыттарынан шығарылатын мынадай орташа нарықтық баға белгіледі – тоннасына 212,0 мың теңге немесе литріне 177 теңге. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін республика бойынша орташа баға литріне 202 теңгені құрайды (нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан).
Анықтама ретінде: 2022 жылғы 22 тамыздағы жай-күй бойынша графикке сәйкес маусым-қазанға – 423,5 мың тонна, 246,8 мың тоннаға (58%) шарттар жасалды, 246,8 мың тонна (58%) төленді, 172,7 мың тонна (41%) тиеп-жөнелтілді. 2021 жылы 396,5 мың тонна бөлінді.
Министрлік элеваторлардың жаңа өнімді қабылдауға дайындығына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.
Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,1 млн тоннаны, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,6 млн тоннаны, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 16,5 млн тоннаны құрайды. Көрсетілген сақтау сыйымдылығы өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті. Облыс әкімдіктері жаңа астықты қабылдауға астық сақтау орындарының дайындығын қамтамасыз етуі қажет.
Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес дәнді дақылдардың жалпы жиналымының болжамды көлемі 18,3 млн тонна болады, оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан асады деп күтілуде. Бұдан басқа, республикада 3,1 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы, оның ішінде 2,5 млн тонна бидай бар.
Егін жинау науқанын табысты өткізудің негізгі мәселесі – фермерлерді қаражатпен қамтамасыз ету. Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы желісі бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 140 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Кең дала» бағдарламасы аясында 110,0 млрд теңге сомасына 3,7 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, соның арқасында Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 1 137,3 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды, ол үшін 80 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте Азық-түлік корпорациясында 362,8 мың тонна көлемінде резервтік астық қоры бар.
Аталған астық көлемі қажет болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Мысалы, биыл Азық-түлік корпорациясының ресурстары әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыруды жүзеге асырды. Ұн тарту кәсіпорындарына өңірлердің өтінімдері бойынша жоспарланған көлем 256,8 мың тонна болса, 204,9 мың тонна тиеп-жөнелтілді. Бидай бағасының өсуі әлеуметтік нан бағасына әсер еткен жоқ.
Қазіргі уақытта бірінші кезектегі міндет – өсірілген өнімді ысырапсыз жинап алу, бұл ретте ескерер жайт, Қазгидрометтің болжамына сәйкес күзде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын норма шегінде, солтүстік-шығыста нормадан артық болады деп күтіледі.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЖМ-мен қамтамасыз етудегі жалпы жағдай туралы баяндады.
Министрдің баяндауынша, биылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 180,0 мың тоннаны құрайды, бұл қажеттілікті 14 күнге жабады. Дизель отынының қоры 220,8 мың тоннаны құрайды, бұл 13 күнге жетеді.
ҚР МӨЗ қоры Аи-92 – 71 мың тоннаны, дизель отыны – 53,4 мың тоннаны құрайды. Аи-92 бензині бойынша жағдай тұрақты, ЖМҚС негізгі желілерінде шектеулер жоқ. Сонымен қатар дизель отыны бойынша отын өткізуде шектеулер (талондар мен карталар бойынша отын жіберуге көшу, лимиттер белгілеу) байқалады.
Қазіргі уақытта МӨЗ отынды жеткілікті мөлшерде өндіреді, МӨЗ-дегі қорлар шамамен 50 мың тоннаны құрайды, алайда МӨЗ-ден мұнай өнімдерін жөнелту тұрақты емес жүзеге асырылады, бос вагон-цистерналар жеткіліксіз мөлшерде жеткізіледі, вагондарды жеткізу бекеттеріне дейін жеткізу мерзімдерінің ұлғаюы байқалады.
Сондай-ақ жаңа редакциядағы «мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрық қабылданып, 22 тамызда күшіне енген. Бұйрыққа сәйкес бағалар сараланбақ.
Жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит тәулігіне қолданыстағы бағасы 230-260 теңге болатын 100 литр дизель отынын құрайтын болады, жүргізуші куәлігі мен техникалық паспорт болған кезде жүк көлігі үшін лимит тәулігіне 300 литр болады. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден жоғары дизель отыны 450 теңгеден беріледі.
Әрі қарай Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев тақырып бойынша баяндама жасады.
Облыс әкімінің айтуныша, биыл егін жинау алаңы – 5,2 млн га, оның ішінде 4,6 млн га дәнді және бұршақ-дәнді дақылдар, 366,5 мың га майлы дақылдар, 17,4 мың га картоп және 2,7 мыңга көкөніс құрайды. Жем-шөппен толық қамтамасыз ету мақсатында дақылдарының жаздық егістігін 32 мың гектарға, 207 мың гектарға артты.
Бүгінгі таңда 1,2 млн тонна шөп немесе қажеттіліктен 95% (жоспар 1,3 млн тонна), пішендеме – 234 мың тонна немесе 90% (жоспар 260 мың тонна), сүрлем – 65 (алпыс бес) мың тонна немесе 34%(жоспар 190 мың тонна) дайындалды. Қосымша тағы 750 мың тоннаға жуық сабан дайындауды жоспарланып отыр.
Егін жинауға 83 мың тонна дизельдік отын бөлінді, фермерлер үшін түпкі баға 1 литр үшін 218 теңге құрайды.
Астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оны қабылдауды облыстың жалпы сақтау сыйымдылығы 4,7 млн тонна 70 астық қабылдау кәсіпорындары жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарында көлемі 2,3 млн. тонна астық қоймалары бар. Дәнді және бұршақ–дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 10-11 центнерден айналып, болжаулы жиынтық өнім 5 млн. тоннаға жуық құрайды.
Қостанай облысындағы жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық барысы мәселелері туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов баяндап берді.
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 4,8 млн гектардың дақылдарын жинауы қажет. Оның ішінде дәнді дақылдар алқаптары – 3 млн 957 мың га және майлы дақылдар – 748 мың га.
Қазіргі кезеңде шаруашылықтар ерте пісетін дәнді дақылдар сорттарымен бірге ерте себілген егінді жинап жатыр. 440 мың га бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 10,2 центнерден оралуда. Алдын ала бағалау бойынша дәнді дақылдардың жалпы түсімі 4 млн тоннадан асады, кемінде 412 мың тонна майлы дақылдар жиналады.
Облысқа 77 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін босату бағасы бір литріне 218 теңгеден аспайды, жеткізуі кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Жиналған егінді сақтайтын сыйымдылықтар жеткілікті. 8,3 млн тоннаға арналған сыйымдылықтар бар, оның ішінде 2,9 млн тоннаға арналған элеваторлық (36 лицензияланған) және 5,4 млн тоннаға арналған ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ұн тарту кешендеріндегі сыйымдылықтар бар.
Өткен жылдың мерзімінің ұзартылуын ескере отырып, «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық және жемазықтық сатып алу бағдарламасы бойынша биыл облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы сомасы 36,1 млрд теңге болатын 494 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін тапсыруы тиіс. Өзімізге алған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалық жарақтандырылуы, жанар-жағармаймен және қаржылай қаражатпен қамтамасыз етілуі егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімінде өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар облыста ірі қара мал басы 494 мың, ұсақ мал 515 мың басты, жылқы 157 мың басты, шошқа 164 мың басты құрайды. Мал қыстату маусымын өткізу үшін 1 млн 040 мың тонна шөп, 154 мың тонна пішендеме, 191 мың тонна сүрлем дайындау көзделген.
Биыл 1 млн 019 мың тонна шөп, немесе қажетті көлемнің 98%-ы жиналды, 132,1 мың тонна пішендеме, қажетті көлемнің 86%-ы дайындалды. Сүрлемдік дақылдарын дайындау басталды, 6,5 мың тоннасы немесе қажетті көлемнің 3,4%-ы дайындалды.
Тақырып бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.
Қ. Ақсақаловтың мәлімдеуінше, өңір шаруалары астық жинау науқанына кірісті. Осы жылы егін 4,4 млн гектар алқапта жиналады. Әртараптандыру аясында жасымық және күнбағыстың (алқабы 2 есеге ұлғайды. Бір гектардан 16 центнер бидай алыну болжанып отыр.
Көктемде 124 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді, жыл соңына дейін тағы 46 мың тонна салынады. Диқандар барлық қажетті техниканы дайындады. Жыл басынан бері 37 млрд теңгеге 1 518 техника сатып алынды. Жыл соңына дейін 2,4 мың дана техника келеді. Астық сақтау қоймалары дайын тұр. Олардың көлемі өңірдің қажеттілігін толығымен жабады.