Жедел бөлім қызметкерлері тапанша тәрізді заттың табылуына себепкер болды

263

Фото: polisia.kzҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің « № 68 мекеме » республикалық мемлекеттік мекемесі ( тергеу изоляторының) жедел бөліміне  қалада қару жасырылғандығы жайлы ақпарат келіп түскен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  

Келіп түскен ақпарат  бойынша  қызметкерлер  жедел, оқиға орнына  барды.  
    Олар қаладағы Алашаев көшесіндегі бетон мостың  сол жағында жасырылған тапанша тәріздес  және жасыл түсті жарылғыш ( граната) ға ұқсас зат анықтап, алдымен дер кезінде Қызылорда полиция департаментінің  102 нөмеріне хабарласып, мән- жайды баяндады.  

     Сонан соң, шапшаңдық пен сергектік танытып, сол төңіректегі үй- тұрғындарын ( 20-30 дай, жас балалар мен  жүргінші адамдарды) эвуакациялады.  

Одан кейін жедел бөлім қызметкерлерінің шақыртуы бойынша, арнайы жасақтар келіп, саперлар өз жұмысына кірісіп, жарылғыш заттарды қауіпсіздендірді. 

    Әрі қарай, жедел  тергеу  тобы оқиға орнын қарап, тексеру жұмысын жүргізді. 

Бүгінгі таңда тәркіленіп алынған заттар суық қару ретінде анықтауға жолданды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.