Жамбыл облысында атыс болды

285

© Российская ГазетаЖамбылда полицейлер қарулы қақтығысқа қатысқан 8 адамды ұстады. Жамбыл ауданында жанжал 30-43 жас аралығындағы жігіттер арасында болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Олар өзара туындаған мәселені жергілікті жанармай құю бекеті аумағында шешпекші болған. Оқиға орнына жедел түрде облыстық ПД  Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аттанған.


«Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығысқа қатысушылар ұсталып, тінту жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екені анықталды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.


Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды. Жараланғандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.