Қызылордада әскерилер "Syr Jastary" жүгіру марафонында үздік атанды

222
Облыстық "Syr Jastary" жүгіру марафонына қатысқан Қызылорда гарнизоны 66597 әскери бөлімінің жеке құрамы үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 



Марафонға қатысушы 200-ден астам спортшының 60-қа жуығын әскери қызметшілер құрады. 8 шақырымға жүгіру кезінде ерлермен бірге әйелдер де өз бақтарын сынады. Аптасына үш күн бойы 3 шақырым, екі күн бойы 10 шақырым қашықтықты бағындырып, жаттығып жүрген әскерилер үшін бұл жарыс аса қиындық туғыза қоймады. Осындай үзіліссіз спорттық жаттығулардың арқасында гарнизон әскери қызметшілері үздіктер қатарын толықтырды.




Атап айтсақ, жүгіру марафонының қорытындысы бойынша оқ бойы оза шауып үздік шыққан ефрейтор Тұрсын Керімбердиев 1-орынды иеленсе, 3-орын ефрейтор Нұрбол Құрманайұлына бұйырды. Ал әйелдер арасындағы жарыста 3-орынға көптеген республикалық және халықаралық әскери жарыстардың жеңімпазы ефрейтор Шамшырақ Сержанова ие болды.




Жұбайым да әскери қызметші. Спорт - денсаулық кепілі демекші, біз отбасымызбен дене шынықтырумен айналысуды әдетке айналдырғанбыз. Осы жүгіру жарысында жақсы нәтиже көрсеткен әріптестерімді жеңістерімен құттықтаймын. Үздіктер қатарынан көрінуіміздің басты себебі – қызметтегі тоқтаусыз жаттығулар, – дейді әскери қызметші ефрейтор Шамшырақ Сержанова.


Жарыс соңында "Syr Jastary" жүгіру марафонының жеңімпаздары мен номинация иегерлеріне ақшалай сыйақылар мен марапаттар табыс етілді.
 
 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.