Шабытын шармен шыңдаған ұстаз

699

Фото: Жарасбекова БалнұрӘрбір адамның болса да белгілі бір жаны сүйіп жасайтын хоббиі болады. Бұл дегеніміз жанның белгілі бір нәрседен ләззат алуы. Яғни, рахаттанып демалуы.  Ал, хоббимен шұғылдану үшін тұрақты жұмыстан бас тартып немесе бәрінен шет қалу емес. Бұл тек сол үшін бос уақыт тауып өзінен бөлек айналасын  қуанту болып саналады. Біз әңгіме еткелі отырған жан қаламыздағы бір мектептің мұғалімі болса да бос уақытында жақындарын ғана емес көпшілікті қуантуға жұмыс жасайды. Қалай десеңіздер үрмелі шарлардың түр түрін жасап, әдемі етіп безендіріп мереке мен той думандарға жасауда. Осылайша «Аэродизайнер» кәсібімен айналысып отырған  Жарасбекова Балнұр есімді кейіпкерімізбен сұқбаттасқан едік.
 
-Бұл кәсіп түрімен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз?
- Осыдан 5 жыл бұрын бала күтіміне байланысты демалыста отырғанымда қызыға бастадым. Бөпемді босанғаннан кейін менің бос уақытым көп болды. Сол себептен өзіме ұнайтын бір іспен айналысуым үшін іздене бастадым. Сол уақыттарда аэродизайнерлік жайында кездейсоқ естіп қалдым. Осы кәсіп жөнінде көп зерттеп интернет желісінен іздестіре бастадым. Көңіліме жағып, қолымнан келетініне сол уақыттан сездім. 
 
-Сізге кім қолдау білдіріп, қолғабыс етеді?
-Менің қолдаушыларым да, қорғаушыларым да шағын мемлекетім отбасым. Бұл менің ғана сүйікті ісім емес. Біз отбасы мүшелерімен бірге жанымыз беріле отырып барлық жұмысты бірге атқарамыз. Жолдасым мен екі ұлым тапсырыс алған күні ұйықтамай менімен бірге жүреді. Мұның өзі маған үлкен мотивация. 
 
-Тапсырысты жасап болған сәтте тұтынушыға жеткізілу сәтінде шарлар жарылып қалу ситуациясы болды ма? Ондай жағдайдан қалай шығасыз?
- Әрине түрлі жағдайлар болады. Ол тастай зат емес ауамен толтырылған шар болған соң кез - келген уақытта жарылып қалуы әбден мүмкін. Ондай жағдайда клиентке барынша түсіндіріп, ситуациядан ұрыс- керіссіз шығуға тырысамын. Кейде тапсырысын қайта жасап беруге де тура келіп жатады. 
 
-Әдемі шарлар мен безендіру құралдарын қайдан аласыз?
-Көбіне Алматы қаласынан тапсырыс беріп алдыртамын. Ал, қаламызда бар заттарды осы жақтан алып пайдалана беремін. 
 
-Бірнеше рет тапсырыс берген тұтынушыға қандай да бір жеңілдік қарастырылған ба?
 -Иә, онсыз менің кәсібім алға баспай, тұтынушы да риза болмас. Жеткізілу жағын тегін жасап немесе белгілі бір жеңілдіктер жасаймын. 
 
-Бөлек дүкен ашып, қасыңызға көмекшілер алу ойда бар ма?
-Мен осы кәсіппен айналысқалы бері барлық тапсырысты үйден қабылдап жасау үстіндемін. Негізі жұмыс жасаймын деген адамға оның отыратын жері маңызды емес. Тек құлшынысы болса, біртіндеп барлығы болады.  Алла қаласа 1-2 айдың көлемінде сіз айтқалы отырған дүкенге қол жеткізбекпін. 
 
-Бұл кәсіп түрі болмаса өзіңізді басқа қандай саладан көре аласыз?
-Жалпы менің тұрақты жұмысым бар. Бұл тек менің хоббиім. Маған идеямен жұмыс жасаған ұнайды. Сол себептен түбінде осы салаға тап болатын секілдімін. 

-Клинет тарту барысында қандай әдіс – тәсілге сүйенесіз?
-Бар товарды көрсетемін. Бұйырған кетпейді. 

-Кейде шаршап, жалығып кеткен кездеріңіз болды ма?
-Әзірге дәл ондай жағдайды басымнан өткеріп көрмедім. Мен тек алға басып басқа да идеяларды қосып жұмыс жасағым келеді. Болашағы бар дүние болғандықтан осы кәсіпке келгенмін. 
 
-Осы қарқынмен бір жылда миллион иесі бола алуға сенесіз бе?
-Жақсы жұмыс жасасаң клиентке ұсынарың көп болса, алынбайтын қамал жоқ. Сол себептен бәрі де мүмкін. Тек таңғажайыпқа сене білу керек.
 
Халықтың той – думаны мен туған күн кештеріне кереметтей шарларын ұсынып отырған Балнұр ханымға алдағы күндеріне сәттілік, кәсібіне береке тілейміз!
 
Сұхбаттасқан: Құнанқараева Азиза