"Қазақстан Олимпиада трансляциясы үшін қанша қаржы жұмсағаны белгілі"

357
Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қанша ақша жұмсалғанын айтты. 

АҚДМ мәліметінше, 2018 жылы Олимпиада ойындары трансляциясының авторлық құқық иесі Токиодағы және 2022 жылғы Олимпиада ойындарын Қазақстанда техникалық шығындарды қоспағанда, трансляциялау құқығын 15 миллион долларға сатып алу туралы ұсыныс жасаған. Министрліктің мәліметінше, 2016-2018 жылдары техникалық шығындарды ескере отырып, Олимпиаданы трансляциялау құқығын сатып алу үшін 5,1 миллион доллар жұмсалған. Биыл ақпан айында "Қазақстан" РТРК" АҚ мен "Хабар" агенттігі" АҚ құқық иеленушілерге Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары мен Пекиндегі қысқы Олимпиада ойындарын трансляциялау бойынша баға ұсыныстарын беруді, сондай-ақ өткен кезең деңгейіндегі сомаға келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруды сұрап, хат жолдаған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.