Токио-2020: Данияр Қайсанов екі дүркін әлем чемпионынан таза ұтылды

272
Токио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық белдесулер аяқталды.

Бұл салмақта Қазақстан намысын Данияр Қайсанов қорғаған болатын. Жартылай финалда Данияр ресейлік спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Заурбек Сидаковпен кездесті.

 Өкінішке қарай, аталған кездесуде Данияр азулы қарсыласына сес көрсете алған жоқ. Бірінші кезеңде Қайсановты әбден бақылаған Заурбек екінші кезеңде іске көшіп, 11:0 есебімен жеңіске жетті.

 Данияр Қайсанов еркін күрестегі ең беделді салмақ саналатын 74 келіде Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

 Айта кетелік, бүгін Даниярдан бөлек, Нұрислам Санаев кілемге шығады. Ол 57 келіге дейінгі салмақта Олимпиаданың қоласы үшін күреседі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.