"Барыс" хоккей клубына жаңа бас бапкер келді

2 010

Фото: hcbarys.kzАстаналық "Барыс" хоккей клубы ресейлік маман Михаил Кравецтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Маманмен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды. Тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Михаил Кравец жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Құрлықтық хоккей лигасында әр жылдары "Витязь", "Амур", "Авангард", "Куньлунь" клубтарын жаттықтырды.

Алдыңғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен арадағы келісімшарт ҚХЛ-дың өткен маусымындағы спорттық көрсеткіштерге байланысты бұзылған.

"Барыс" клубының 2025–2026 маусымындағы жаттықтырушылар құрамы келесідей:

Бас бапкер – Михаил Кравец.

Бас бапкердің көмекшісі – Талғат Жайлауов.

Шабуылшылар жаттықтырушысы – Александр Савченков.