ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАМШЫБЕК ҚОҢҚАБАЕВ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

250
Германияның Кельн қаласында боксшылардың халықаралық турнирі өз мәресіне жетіп, қазақстандық 6 боксшы финалда өнер көрсетті. Олардың қатарындағы 91 келі салмақта өнер көрсеткен Айбек Оралбай мен +91 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Қамшыбек Қонқабаев бас жүлдеге қол жеткізді.
Алыптармен айқасын жүрген нар тұлғалы қос саңлақ неміс жерінде Қазақ елінің әнұранын шырқатты. Жарыс жеңімпазы атанған қос қандасымыздың өнері әлемнің әр қиырынан жиналған майталман мамандар мен жергілікті жанкүйерлер тарапынан өте жоғары бағаланды.
Дәл сондай құрметке бөленуге Сәкен Бибосынов (52 кило), Оразбек Асылқұлов (57 кило), Ертуған Зейнулинов (63 кило) және Нұрбек Оралбайдың да (81 кило) тамаша мүмкіндігі болды. Алайда айтулы былғары қолғап шеберлері ақтық сынға дейін алқынбай жеткендерімен, шешуші тұста ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.
Кельндегі дәстүрлі халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді