Ақмола облысында Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көліктің кілті табысталды

420

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио Паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревқа жаңа пәтер мен көліктің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


"Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз", – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Е.Маржықпаев чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал оның жаттықтырушысы Юрий Колесников 5 миллион теңгеге ие болды.

"Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын", – деп қунышымен бөлісті Давид Дегтяров.