Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жыққан

2 534

Фото: Stan.kzОлимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті оның орынбасары самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққан,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәліметтерге сәйкес, жанжалдан Серік Сәпиев жарақат алған. Аталған оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, жәбірленушінің алған жарақаттарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, 21- ші қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген ресми хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.