Қазақстандық кикбоксшылар әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңді

315

Қазақстандық кикбоксшылар Италияда өткен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"15 және 24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 65 елден шамамен 1 600 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс. 10 қол медаль жеңді", - делінген хабарламада. 

Ел атынан өнер көрсеткен Дінмұхамед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазреддин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшор чемпион атанды. Ал Азамат Өтемісов күміс медаль иеленді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.