"Шешініп үйреніпті"...

157
Қазақстандық әнші Индира Еділбаева әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, онда жаңа фотосессиясы кезінде түсірілген ерекше видеомен бөлісті. Алайда, қырағы көз көрермендер өнерпаздың образын тым ашық деп есептеп, оны сынап тастады. Тағы кейбірі оған тезірек тұрмысқа шығуға кеңес берді.

Индира Еділбаева Instagram парақшасындағы жаңа жазбасымен көпшілікті тәнті етіп, тағы кейбір желі қолданушыларының көңілінен мүлдем шықпаған.

"Екінші мүмкіндігім. Егер тағы да өшіріп тастаса, демек тағдыр емес. Әзірге сіздерден кері байланыс күтемін. Жақында керемет фотолар болады" , - деп жазды Индира. 

Әншіні бұрын-соңды мұндай образда көрмеген көпшілік оған тәнті болып, өз ыстық ықыласын білдірген. Әсіресе, ер адамдар қауымы өнер иесінен көз ала алмағандарын жазуда. 

"Отсыз ғой" , "Өте сұлусың, көз ала алмай отырмын" , "Сенің бойыңда барлығы бар. Әдемілік, эстетика, талант" , "Өзіңе еліктіргіш қасиетің де бар" , "Өте көрікті ару" , "Мына образ ерекше екен" , - деп жазды олар.

Ал Индираның образын тым ашық деп санаған көпшілік оған жағымсыз пікірлер жаудырған.

"Қазақ қыздарына тән емес. Өте ұят жағдай" , "Сен де шешініп үйреніпсің ғой" , "Сені сондай өзгелерге ұқсамайды деп ойлаған едім. Бірақ, сен де барынша ашылып жатырсың" , "Дегеніңе жеттің бе? Сізді әнші ретінде қатты сыйлаған едім. Өкінішіті" , "Тым ашық. Ренжіме, бірақ мен үшін мұндай образдар тым ерсі" , "Саған тұрмысқа шыға керек" , - деп жазуда олар.