Қарымды журналист Нұрмахан Оразбектің 85 жылдығы аталып өтілді

171
Қарымды журналист Нұрмахан Оразбектің 85 жылдығы аталып өтілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нұрмахан Оразбек 1938 жылдың 1 желтоқсанында  ордалы Оңтүстіктің Түркістан ауданы, Қандөз ауылында дүниеге келген. Алғашқы білім жолы Шорнақ ауылының орта мектебінен бастау алады. Журналистикаға ден қоюы 1952 жылы жетінші сыныпта оқып жүргенде аудандық газетке шағын мақаласының шығуымен басталады.  Ал жұмыс өтілін 1955 жылы Алматы облысындағы «Іле» кеңшарында, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатынан бастайды. Сол жерде жұмыс атқарып, 19 жасында обком комсомолының «Құрмет грамотасын» алады.  1957 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Студент кезінде «Жетісу», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жұмыс атқарып, тәжірибе жинақтайды.  Талантты жас оқуын 1962 жылы тәмәмдап, еңбек жолына бет бұрады. Ол 1962 жылы Қарағанды облысының Жезді аудандық        «Октябрь туы», сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аудандық «Коммунистік еңбек» газеттерінде бір жыл бес ай жұмыс істеп, Алматыға келеді. 1965 жылы «Лениншіл жасқа» ауысып, бір жылдан кейін бөлім бастығы болады. Қазақстан Жастар одағының Орталық комитетінде,       «Социалистік Қазақстан» газетінде түрлі қызметтер атқарады.
        Сонымен қатар,  1974 жылы Қазақстан ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) Бас редактор, 1982 жылы директордың орынбасары  болып тағайындалады. 1988 жылы қазан айында Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне жұмысқа тұрады, 1991 жылы қазанда министрлік ашылып, соған қызметке шақырылып, Қуаныш Сұлтановтың ұсынуымен «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы болады. Ағылшын тілінде жарияланатын « Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарады. 1995 жылдан «Қазақстан» баспасының директоры, сол мезетте яғни 2000-2002 жылдар аралығында            «Ақиқат» журналының бас редакторы  болып, межелі мақсаттарға жетеді. Өзінің қажырлы еңбегінің арқасында «Қазақстан» баспа үйі» мойынсерігінің директорлығына тағайындалады.
        Ол журналист ретінде саясат, халықаралық жағдай туралы мәселелермен айналысып, бұл тақырып аумағында көп қалам тербеді. Теледидарда он жыл, радиода он үш жыл қатарынан саясат тақырыбында хабарлар жүргізеді. Саясат тақырыбы ауқымы кең, шалыс бассаң басың кесілетін қауіпті де қатерлі тақырып қой. Сол себепті де, Нұрмахан Оразбектің негізгі ұраны «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген сөзі  болатын.


Нұрмахан Оразбек шындықты ту еткен, қызыл тілінің қауқары қауым елге жететін талантты әрі шыншыл тұлға. Нұрмахан Оразбектің ұлт қамы үшін арпалысып жүргендігі әрдайым көрініп тұратын. Кеңестік дәуірдің қанды саясатының  Қарағандыдағы жалғыз қазақ мектеп-интернатын жауып, орнына Суворов атындағы училище ашуды қолға алған тұсында да бел шешіп, оған араша түсе білген де осы Нұрмахан ағамыз еді. Ол облононың сол кездегі бастығы Коменскиймен тілдесіп, мектеп-интернатты сақтап қалған екен. Сонымен қатар, қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша көршілерін үгіттеу арқылы қазақ тобының бес бірінші сыныбын ашуға да мұрындық болады. Осы тұста Ахмет Байтұрсынұлының «Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!» атты сөздері жадымызға оралмай қоймас.
        Нұрмахан Оразбек аударма ісімен де айналысып, атақты де белгілі Оксфорд университетінің «Саясаттану», «Әлеуметтану»  түсіндірме сөздіктерін түпнұсқадан аударып, көркем тілдің шеберлілігін көрсете білген дарынды адам. Оның шығармашылығын шыңдаған, дәрежесін көтеріп, сүбелі туындыларға қалам тербеткен тағы бір үлкен сала –  жазушылық еді. Қaлaмгep тeк қaнa пyблициcтикa caлacындa ғана өз iзiн қaлдыpғaн жoқ, oл әдeбиeт әлeмiнe дe тepeң бoйлaп, бүкiл ғұмыpын әдeбиeткe apнaғaн aдaмның өзi жacaй aлмaйтын құнды eңбeктep қалдырды.
        Жазушының қаламынан туындаған «Капитал қамалындағы 18 күн», «Қасиеттісің сен, Отан!» , «Қағажу көрген өмірден», «Бар айласы – бас пайдасы», «Май айының жеті күні», «Көрген жерден көз кетпейді», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы» атты романдар мен очерктер желісі болса, шығармасына арқау еткен, прототиптері де аз емес. Тарих саңлақтарын сөйлеткен, оларды таныта білген туындылары да жетерлік. Олар: Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, миномет нысанашысы, Оңтүстіктің Ордабасы ауданының тумасы жайындағы «Қарсыбай Сыпатаев» шығармасы,  соғыс ардагері, Кеңес Одағының батыры, өз жерлесі, Тұғырлы Түркістанның мақтанышы «Құрбанбай Ырысбеков» туралы жазылған туындысы, Павлодардан шыққан көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғалым қайраткері «Шапық Шөкин» жайындағы шығармалары болатын.
      Жазушылық саласында өз өрнегін қалыптастырған Нұрмахан Оразбектің шығармашылық талантының ауқымы кең, ой ұшқырлығының кемелденгенін анық аңғаруға  болады. Сонымен қатар, жазушының көп шығармаларына арқау болған негізгі тақырып – журналистік жолындағы өткен өткелдері мен көрген оқиғалары, танысқан тұлғалары мен өнеге тұтқан адамдары. Жалпы айтқанда, Нұрмахан – өз өмір жолын шығармаларына өрнек ете білген Алаштың абзал азаматы, халық жанашыры,  тұғырлы ұлттың төлтумасы.
       Ұзақ жылдар бойы баспада еткен еңбегі еленіп, Нұрмахан Оразбек үкіметтік және қоғамдық, шығармашылық ұйымдар тарапынан көптеген марапаттауларға ие болды. Қазақ ССР нің Еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері Құрметті атағы мен КСРО-ның «Еңбек ардагері», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» , «Лениннің  100 жылдығы» және т.б төсбелгілерімен марапатталды. Ал 2001 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Құрмет орденімен, 2004 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағына ие болды. 2007 жылы «Парасат»  орденімен, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл төсбелгісі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанады. Екі рет Қазақстан Республикасының Журналистер одағы сыйлығының лауреаты болады.
       Өмірдегі бар ғұмырын  тарих тағылымына айналдырып, дара жол сала білген Нұрмаханның сыни мақалалары халық көңілінен орын алды. Оның саясат соқпақтарында қалдырған іздері, егемендікке қол жеткізу тұсында кездескен қиындықтары, көпшілік біле бермейтін тоқсан бірдің түйткіл мәселелері туралы салмақты сөз айтқан, көптеген деректер келтірген, сараптамалық мақалалары мардымды істердің бастауы бола білді.  Публицистің мемлекетіміздің тәуелсіздігі туралы жариялаған мақалалары, сол жылдардағы құбылмалы саясат кезіндегі өткен оқиғаларға дұрыс баға бере білген толғамдары мен салмақты да салиқалы тұжырымдары мазмұнын айшықтай түседі.
       Кeз кeлгeн пyблициcтiң бacты мiндeтi – oқыpмaн қayымғa дұpыc көзқapac, opнықты пiкip қaлыптacтыpy eкeндiгi бapшaғa мәлiм. Ocы мiндeттi aтқapy кeз кeлгeн қaлaмгepдің мәртебесін биiктете түседі. Мiне, дәл ocы ұлы мұpaт жoлындa бiздiң мақаламызға apқay бoлғaн қaлaмгep Нұрмахан Оразбек талай жылдар бойы oқыpмaндapынa адал қызмeт eтiп, көңілдерін марқайта білді. Oның бұл жoлдaғы ceнiмдi cepiктepi – қyaтты қaлaм, мapжaн oй, тepeң бiлiм.
         Нұрмахан Оразбек шығармашылығын зерттей отырып, қазақ баспасының қалыптасу, даму жолдарының аз ғана уақыт ішінде өте жедел қарқынмен дамығандығы және ешбір елдің осы тақілеттес дүниелерінен шеберлік, проблематика жағынан  бір де кемшін түспейтіндігі одан сайын айқындала түспек!