Вашингтондағы Конгресс кітапханасына қазақ кітаптары тапсырылды

2 452

Фото: pinterest.comӘлемдегі ең үлкен кітапханаға қазақ тілі мен руханияты және мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітап тапсырылды, - деп хабарлайды "Opennewsd.kz" ақпарат агенттігі. 

«Қазақ тілі» қоғамы дайындап шығарған Oxford Qazaq Dictionary сөздігі, ағылшын тіліндегі Абай шығармаларының жинағы, «Ұлы дала ойындары» мен «Қазақтың отбасы фольклорын» енді Вашингтондағы Конгресс кітапханасының сөрелерінен табуға болады. Бұл кітапханаға тапсырылған алғашқы қазақ кітаптары емес. Бұған дейін ағылшын тілінде басылып шыққан «Қазіргі қазақ прозасы» және «Қазіргі қазақ поэзиясы» антологиялары сияқты бірқатар еңбектер берілді. 200 жылдан аса тарихы бар бұл кітапханада 450-ден астам тілде 40 миллионға жуық кітап пен баспа материалдары сақталған. 

Рауан Кенжеханұлы, «Қазақ тілі» қоғамының президенті: - Бүкіл адамзаттың тіліне қатысты ақпарат, мағлұмат жиналатын  жер. Сондықтан осындай үлкен адамзаттық ғаалмдық қорға қазақ мәдениеті үшін, қазақ тілі үшін маңызды дүниелердің қосылуы біз үшін өте қажет дүние деп санаймыз. 


Джоан Уикс, Конгресс кітапханасының қызметкері: - Зерттеушілер үшін мұндай сөздіктердің болуы қаншалықты маңызды екенін сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл – қазақ халқының жан дүниесіне бойлап, әдебиетін түсіну үшін баға жетпес құндылық. Мен қазақ әдебиеті мен қазақ поэзиясы жайлы материалдар кітапхана сөрелерінде көбірек болғанын қалаймын. Себебі олар – қазақты тану үшін өте құнды ресурстар. Бұл – жасалатын зерттеу жұмыстары үшін таптырмайтын дүние.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.