Анкарада Жамбыл атындағы көшеге ескерткіш тақтайша орнатылды
432
Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтіп, ақын есімімен аталған көшеге ескерткіш тақтайша орнатылды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Ғасыр жасаған жыр алыбы Анкарада ардақталды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және Кечиөрен муниципалитеті ақынның құрметіне орай салтанатты рәсім ұйымдастырды. Оған түріктің қоғамдық қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен түркі дүниесінің танымал тұлғалары қатысты. Айтулы шарада Жамбылдың ұстазы Сүйінбай Аронұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойылып, Жамбыл көшесіне ескерткіш тақтайша орнатылды. Меруерт Қанағат, тілші: – Бауырлас екі ел арасындағы жиілеген барыс-келістің тағы бір көрінісі – жыр алыбы Жамбыл атындағы көшеде жарқын көрініс тапты. Көше Анкараның Кечиөрен ауданында 2017 жылы ашылған. Дәлірек айтқанда, айтыс өнерінің майталманы Сүйінбай Аронұлы саябағының жанында орналасқан. Бірнеше жылдан бері Жамбыл көшесін бойлай өтетін анкаралықтар енді жыр алыбының өмірбаянын оқып, рухына тағзым ете алады. Қалай, өте оңай. Шаһар тұрғындары тақтайшаға орнатылған QR кодты оқытып, қазақтың біртуар тұлғасы жайлы түрік тілінде бейнебаян мен жазбаша деректерге қол жеткізе алады. Тургут Алтынок, Кечиөрен муниципалитеті мэрі: – Жамбыл – тек қазақтың емес, түбі бір түркі жұртының ақыны. Мұны жас ұрпағымыз білуі тиіс. Ол үшін осы текті шаралар саны асыру қажет. Сондықтан Кечиөрен ауданында қазақтың ақын, жазушы және тарихи тұлғаларының есімімен аталған көше, саябақ саны көп. Ескерткіштер бар. Дегенмен біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы уақытта басқа да керемет жаңалықтармен бөлісеміз. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шараға отандық өнерпаздар өз үлесін қосты. Түрік астанасы бір кеште қазақ өнерінің ордасына айналып, көрерменнің көңілінен шықты. Әсіресе, мұндай шараларға осы елде білім алып жүрген жастарымыз қуанышты. Тілек Махамбетжан, студент: - Түрік елінде Қазақстан Республиканың студенті болу – қуаныш. Себебі Түркияның қай қаласына барсаңыз, қазақтың қазақ ескерткіштерін, олардың атына берілген көшелерді көрсеңіз болады. Ол жерлерде біздің орталықазиялық, соның ішінде қазақ екенімізді таниды. Қонақжайлылықтарын танытады. Шет елде жүрген біздер үшін қуантарлық жағдай. Түркияның шартарабын араласаңыз, Қазақстанға қатысты көше, даңғыл немесе ғұламаларымыздың ескерткішін көруге болады. Соңғы жылдары олардың саны едәуір артқан. Тіпті кейбір аудандарда өзіңде еліңде секілді сезінесің.