Ұлттық экономика министрі мәлемдеме жасады

2 984

Фото: Forbes.kz/Бауыржан ЖуасбаевЖурналистер Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен қазақстандықтардың дәрі-дәрмекті Kaspi Red жүйесі арқылы сатып алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдіруін сұрады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, тұтынушылық несиелер санының артуы халықтың кедейленуін білдірмейді.

«Жалпы несие алатын адам ақылды адам деп санаймын. Егер адам көп несие алып жатса, бұл оның оларды қайтаруға табысы жеткілікті екенін білдіреді. Ал енді дәрі-дәрмекті бөліп төлеуге алуға қатысты айтсам, мұндай жағдай ойлануға тұрарлық. Қазақстанда кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде 12 миллион адам дәрі-дәрмекті тегін алады. Оларды Kaspi Red арқылы несиеге алудың қажеті жоқ қой. Дәрігерге барып, рецепт алып, тегін алуға болады. Бәлкім, әңгіме басқа, өте сирек кездесетін немесе бізде тегін берілмейтін дәрілер туралы шығар. Бірақ бұл да әлеуметтік салаға қатысты мәселе, оны да қарастырып жатырмыз», – деді Серік Жұманғарин.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.