Қолжетімді газ: Қазақстан әлем елдері арасында бірінші орын иеленді

264
Қазақстан тұрғындар үшін газдың қолжетімділігі бойынша әлем елдерінің арасында бірінші орынды иеленді. Рейтингте екінші орынға Ресей жайғасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Рейтингте газ бағасынан бөлек, тұрғындардың орташа жалақысы да есепке алынған. 

"Газдың қолжетімділігі бойынша Қазақстан бірінші орынды иеленді. Мұнда орта деңгейлі тұрғын өзінің орташа айлық жалақысына 8,6 мың текше мерт газ сатып алады. Қазақстанда жалақы жоғары емес, дегенмен рейтингтегі өзге елдермен салыстырғанда газ арзан. Екінші орында – Ресей, мұнда әр тұрғын 7,4 мың текше метр газ сатып ала алады", – делінген рейтингте

Ұлыбритания, Люксембург пен Австрия алғашқы бестікте. Бұл елдердің азаматтары жалақыларына 3,9 мыңнан аса текше метр газ ала алады. 
Ал рейтинг соңына Молдова жайғасыпты. Орташа табысқа тұрғындар тек 858 текше метр газ алады. Бұл Қазақстанмен салыстырғанда 10 есеге аз.

Сондай-ақ, рейтингтің ең төменгі орындарында Болгария, Грекия мен Босния және Герцеговина бар. Бұл елдердің тұрғындары 1,4 мың текше метрге жетер-жетпес газ ала алады.