Қазақстанға қандай елдерден дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғы жеткізіледі

2 807

Республикаға дәрі-дәрмек импорты заттай 9%-ке өсті, алайда ақшамен 2,5%-ке азайды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл қаңтар - шілде айларында елге 791,8 млн АҚШ доллары сомасына 15,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорт өсімі заттай түрде 8,8% құрады. Алайда ақшалай 2,5%-ке азайған.

ТМД елдерінен 72,1 млн АҚШ долларына 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Мұнда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етті: 3,5 мың тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ке аз.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 719,7 млн АҚШ доллары сомасына 11,1 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Қытай - негізгі жеткізушілердің бірі. Бұл мемлекеттен 2,3 мың тонна дәрі–дәрмек жеткізілді, бұл өткен жылдың қаңтар-шілде айларына қарағанда 15,5%-ке көп.

2023 жылғы қаңтар–тамызда елімізде фармацевтикалық өнімдер 96,3 млрд теңгеге өндірілді — бұл өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 8,3%-ке аз.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 4 млрд теңгені (плюс 69,2%), фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндірісі — 92,3 млрд теңгені (минус 10,1%) құрады.

Ал өңірлер бойынша дәрі-дәрмекті көп өндірген Шымкент - 29,7 млрд теңге, бір жылда минус 21,8%. Жетекші үш өңірдегі Алматы облысында 27,8 млрд (плюс 1,4%) және Алматыда 17,3 млрд (плюс 27%) болды.

Биыл қыркүйекте дәрі-дәрмектер мен емдік құрал-жабдықтар бағасы 12,4%-ке өсті.

Өңірлер бойынша бағаның ең жоғары жылдық өсімі Ақмола облысында тірелді: 22,3%. Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (плюс 20,3%) және Алматы (плюс 17,1%) қаласы тұр. Ең аз өсім Түркістан облысында - 5%.