Денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы енді тек электронды түрде берілмек

2 648

Фото: ашық дерек көзіҚазақстанда денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы енді тек электронды түрде беріледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмыс берушілердің де, азаматтардың да өмірін жеңілдетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бизнес-процестің өзі толығымен қайта жасақталды. Науқастарға еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін енді емханаға келудің қажеті жоқ, ал жұмыс берушілерге оның оған қол қоюдың қажеті болмайды. Барлығы тек электронды форматта жүргізіледі. Еңбекке жарамсыздық парағын порталдағы eDensaulyq қызметінен және eGov.kz мобильді қосымшасынан табуға болады.


“Биыл қағаз түріндегі еңбекке жарамсыздық парағын толығымен алып тастадық. Еңбекке жарамсыздық парағын ашу туралы фактілер де азаматтың келісімімен жұмыс берушіге электронды түрде беріледі. Егер бұрын еңбекке жарамсыздық парағы қызметкер жұмысқа келген кезде әкелінетін болса, енді біз еңбекке жарамсыздық парағы ашылған немесе ұзартылған сәтте хабарлаймыз”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.