ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҰМЫС КҮНДЕРІ СЕНБІЛІККЕ ЖҮКТЕЛГЕНІ РАС ПА?

13 981

Қызылордада медицина қызметкерлерін жұмыс уақытында сенбілікке шығуға мәжбүрлеуде,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Сенбілік», яки «субботник» деген дүниеге қинап, мәжбүрлі түрде шақыру мына қоғамда әлі күнге дейін бар. Бұл жасырын дүние емес. Кеңестік заманнан қалған бұл шара тек біздің өңірде белсенді  өткізіліп келеді. Күз, көктем мезгілінің сенбі күндерінде адамдарды мәжбүрлі түрде далаға шығарып, қолдарына күрек ұстатып қою санаға сыйса. Жұмыс уақытында далаға шығарып қою - абсурд. Расында, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының облысымызға ат басын бұрып келеді деген хабар кеңінен тарап, медицина қызметкерлері жұмыс уақытында қызметтік арнайы киімімен көше тазалауына жөн болсын.


Мәселен, Абай даңғылында өткен сенбілікке медицина қызметкерлері мәжбүрлі түрде шақырып, оларға көше бойындағы жапырақтарды жинатып, толық тазалатып қойған. Сейсенбі күндері жұмыста болуы керек қызметкерлерді мекемеден  айдап шығып, көше тазалату  – адам құқығын таптау. 



Алайда қала тазалығы «Қызылорда Тазалығы» мекемесіне жүктелсе де, кіші және орта буын мамандарды көше кездіріп, мәжбүрлі жинауға кім тапсырма берді? Әкімшілік қаражаты арнайы техникаға жетпеді ме, әлде биліктің берген бұйрығы ма, белгісіз. Бұл мәселе тек бір ғана мекемеде емес –мектептер  мен мемлекеттік органдарда да кездеседі. Дамыған елдердің қатарына кіреміз деген қоғамның мұндай ісі жарамас. Бірінші орында азаматтық қоғамда адам құқығы маңызды болуы шарт. Оларды аула сыпыруға қыстап, өзіне тиесілі емес жұмысты орындатпауымыз қажет. Ал билік басындағылардың «Бұл шаралардың бәрі қала тазалығы үшін» деген жауаптары қисынға келмейді.


2019 жылғы шыққан «Мұғалім мәртебесі туралы» заң арқасында мұғалімдерді сенбіліктер мен қоғамдық жұмыстарға тартқандарға әкімшілік айыппұл салынатын болған-тын. Бұл тек ұстаздар қауымының осы мәселеде құқығы қорғалғандығын көрсетеді. Ал өзге де әкімшілік қызметкерлердің, орта буын медицина қызметкерлерінің құқығын кім қорғамақ? 



-    Саламатсыз ба, қай мекеме?

-    Ау, емхана ғой. 

-    Өз еркіңізбен келдіңіз бе?

-    Жоқ. 5-не Тоқаев келеді екен соған жинатып жатыр.

-    Аааа.


Сонау Кеңес жүйесінен қалған «субботник» деген идеологияны әлі күнге дейін ұстанатын елдер мен дамыған шет елдердің бір айырмашылығы – оларда бәрі ерікті түрде жүзеге асады. Және маусым аралығындағы қоқысты тазалау үшін қаражат бөлінеді.

Адамды қыстап, аула тазалату – тегін күшті пайдалану. Сондықтан дамыған ел болып қалыптасуымыз үшін, осындай ұсақ дүниелерден бас тартып, қоғамның үнін естуіміз қажет.