ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2 520

Облыс әкімдігіБүгін облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жиында облыс әкімі - кеңес төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде, білім алу мүмкіндігін кеңейту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы және жұмыссыз жастар санын азайту бағытында аймақта атқарылған істер есебі тыңдалды.

Кеңес отырысына қатысқан жастар ұйымдары өкілдері мен басқа да сала мамандарының ұсыныстарын негізге алып, жүйелі іс-шаралар атқару қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру тапсырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.