Қызылордада жол апатынан үш адам көз жұмды
Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 22 тамыз күні таңғы сағат 07:00 шамасында Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында болған.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ бен Nexia маркалы автокөліктер соқтығысқан.
«Қазір тергеу жүріп жатыр»
Аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары басталды. Істің барысы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.
Қаз
Рус






