Қызылордада шенеунік кәсіпкердің жұмысына кедергі келтіргені үшін ірі көлемде айыппұл арқалады
Қызылорда облысында басқарма басшысы кәсіпкерлердің жұмысына негізсіз кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «TEMA RETAILKZ» ЖШС-ға прокуратурамен келіспей жедел ден қою шарасын қолданған.
Айта кетерлігі, жедел ден қою шарасы әдетте аталған кәсіпорынға алдын ала берілген хабарлама орындалмаған жағдайда немесе өрескел заңбұзушылықтар анықталғанда қолданылады.
Аталған басқарма осы шараларды прокуратураның келісімінсіз орындап, тек тиіс шешім қабылданғаннан кейін ғана жолданған.
Қаз
Рус






