Өртке оранған көлік

360
Елорданың орталық көшелерінің бірінде өртке оранған көлік көзге түсті. «Құрамында бес қызметкері мен бір техникасы бар өрт сөндіру тобы сағат 15:50-де Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 18 мекен-жайы бойынша шақыртуға жол тартты. «Mazda» маркалы автокөлігі тұрақта жанып жатқаны анықталды», - деп хабарлады Төтенше жағдай департамент баспасөз қызметі өкілдері. Құтқарушылардың мәліметі бойынша, өрт 16:03-те жойыпты деседі.. Қуанышқа орай, марқұм болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталу үстінде.