"Салонға тауықтың аяғын дуалап тастап кетті"- Жазира Байырбекова

525

Жазира Байырбекова өзіне жасалған бірнеше қастандықтар туралы айтты- деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  “Жұлдыздың жары” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жазира Байырбекова өзіне көп қастандық әрекеттер жасалатынын айтты. Бұған дейін өз салонынан дуаланған ине мен жіп тауып алғанын айтқан еді. Одан кейін де бірнеше жайттың куәсі болған. 

“Сұлулық салонымнан қағазға оралған ине мен жіп қыздарым тауып алыпты. Маған суретін жіберді. Мен айттым оған мән бермеңдер деп. Ол үшін бақсы-балгерге барған жоқпын. Ол қастандық емес, қастандық жасауға талпынғандардың жай әрекеті шығар. Кейін есіктің алдына тауықтың аяғын қойып кетіпті. Оны да дуа жасағысы келгендер істейді екен. Мені жек көретіндер бар болып тұр ғой. Тіпті мені мәңгіліктің кемесіне мініп кетті, о дүниелік болды деп желіге жазғандар да бар. Менің тірі екенімді біліп қуанған адамдарда жетерлік”,  – дейді өнер иесі. 

Әнші өзінің амандығы үшін қуанып, дұға жасаған барша оқырманына алғысын айтады. 

“Мені көз жұмды деп хабар таратқан соң, халық алдына шығуға ұялып қалдым. Мені көргісі келмеген адамдардың қуанышы ұзақ болмай қалатын болды деп ұялдым. Жеке парақшама қаншама хат келді. Мені танымайтын оқырмандар мен үшін жылап жатты. Менің амандығымды естіп қуаныштан тілегін айтып жатты. Мен іздеушілерім барына қуандым. Кім болса да маған жақсы көңіл-күй сыйлады. Мені мұңайтамын деп ойлаған шығар. Бірақ мен үшін қанша оқырман уайымдады. Мен соларды көріп қуандым”, – деді Жазира Байырбекова