Жүрегі қысылған әйелді маскүнем деп ойлаған жедел жәрдем қызметі уақтылы көмек көрсетпеген
232
Таразда 46 жастағы әйелдің өліміне дер кезінде келмеген жедел жәрдем қызметі айыпталуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
КТК телеарнасына жүгінген марқұмның жақындарының сөзінше, медицина мамандары хәлі нашарлап көмекке шақырған адамға «ішімдік ішкенсің» деп күдіктеніп, уақтылы келмей қойыпты. «Соның кесірінен жақынымыздан айырылдық» деген ағайын-туыс кінәлілерді қатаң жазалауды сұрап отыр.
Людмила Остапенко үйінде жалғыз тұрған. Екі жыл бұрын оның жүрегіне ота жасалыпты. Ота сәтті аяқталып, әйел бүгінге дейін дәрі-дәрмек ішіп жүрген. Марқұмның жақындары ол өзін жақсы сезінетін дейді. Ал қайғылы жағдай күні 46 жастағы әйел инфаркт алып, жедел жәрдем шақырған. Олар орта есеппен жарты сағатқа кешігіп жеткен. «Соның кесірінен қызымнан айырылдым» дейді анасы.
Марқұмның туыстары бұл шақырту бірінші санатпен есепке алынып, медицина мамандары 15 минутта жетуге тиіс еді дейді. Бірақ олар науқасты «Сен массың ба?» деп сұрақтың астына алып отырғанда уақыт өткізіп алған. Бір емес, үш бірдей диспетчер де осы сұрақты қайталай беріпті.
Ирина Шаевскаяның айтуынша, кейін жедел жәрдем көліктері бірінен кейін бірі келе бастаған. Бірақ ешбірі көмек көрсете алмапты. Сөйтіп шұғыл түрде кардиологиялық клиникаға алып кеткен. 46 жастағы әйелдің сол жерде жүрегі тоқтады.
Ал жедел жәрдем станциясының басшылығы бұл жағдайға қатысты тұщымды жауап бере алмады. Тек бірінші қоңырауды қабылдаған диспетчердің қызметінен шеттетілгенін мәлім етті.
Марқұмның жақындары бұл істі жай қалдырмаймыз деп отыр. Олар сот арқылы кінәлілерді жазалаумен қатар, қомақты материалдық шығын өндіруге бекінген. Олар бірауыздан сол қаражатты өзге жүрегі ауыратын жандарға үлестіруді ұйғарыпты.

Бір емес, үш мәрте телефон соққан. Сөйлеуге мұршасы болмай, жүрегі ауыратынын әзер түсіндіріпті. Ал олар «Сіз массыз ба?» деп қайта-қайта сұрай берген. Менің қызым ішімдік ішпегенін түсіндіре алмаған. Содан жедел жәрдем кешігіп жетіп отыр, - дейді Л.Остапенконың анасы Наталья Остапенко.
Марқұмның туыстары бұл шақырту бірінші санатпен есепке алынып, медицина мамандары 15 минутта жетуге тиіс еді дейді. Бірақ олар науқасты «Сен массың ба?» деп сұрақтың астына алып отырғанда уақыт өткізіп алған. Бір емес, үш бірдей диспетчер де осы сұрақты қайталай беріпті.
Ирина Шаевскаяның айтуынша, кейін жедел жәрдем көліктері бірінен кейін бірі келе бастаған. Бірақ ешбірі көмек көрсете алмапты. Сөйтіп шұғыл түрде кардиологиялық клиникаға алып кеткен. 46 жастағы әйелдің сол жерде жүрегі тоқтады.
Ал жедел жәрдем станциясының басшылығы бұл жағдайға қатысты тұщымды жауап бере алмады. Тек бірінші қоңырауды қабылдаған диспетчердің қызметінен шеттетілгенін мәлім етті.
Қоңырау екінші санатпен қабылданған. Өйткені науқастың өзі телефон соғып тұрды. Дегенмен қазір осы іске қатысты қызметтік тесеріс жүріп жатыр. Диспетчердің кінәсі бар-жоғы соның қорытындысы шыққанда белгілі болады, - деді Жамбыл облысы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлзахира Қызқараева.