Қызылордада мекеме жұмысшылары белгісіз заттан уланып қайтыс болды

458
Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС екі қызметкері жұмыс орнында уланып көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.

«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сапартамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.