Қызылордада жалақыны көтеруді талап еткен теміржол қызметкерлері ереуілге шықты
6 401
Қызылордада "АГМ Табыс" ЖШС қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Жыл басында жалақы «жоғарылайды» деген жұмысшылар бүгінде екі күннен бері басшылыққа наразылықтарын білдіруде. Қаңтар айының жалақысын қолына алған жұмысшылар бұндай сорақылықты көрген емеспіз деп налуда. Техникалық бөлімнің қызметкерлері жұмысқа шықпай, цех сыртында жиналыс өткізіп, онда жиналған қызметкерлер жалақы мөлшерін көтеруді талап етті.
Оның айтуынша, компания басшылығы мәселені шешудің орнына қоқан-лоқы көрсетіп, цех сыртына шыққандар, яғни ереуілге қосылғандар жұмыстан қуылады деп дүрсе қойған.
Жұмысшылар жалақыны көтеруді ауызша талап еткен. Құзырлы орындарға жолданған бірде-бір талап-арыздың жазылмағаны да белгілі болды.
Расында басшының жұмысшыларды мекеменің сыртына қарай шығарып жатқан бейнежазбасы да бар.
Мекеме басшысы жиналған жұмысшылардың алдына шығуды жөн санамаса керек, есіктерді бекітіп, журналистердің келгенінен хабардар болса да жауап беруден бас тартты ма есіктерге қойылған қара құлыпты ашуға асықпады.
Алайда жұмысшылардың басты талаптарын жіті назарда ұстап, келіссөздер жүргізуге, заң аясында шешуге ниетті екендігін жеткізген жергілікті билік өкілдері тарапынан аталған мәселе бойынша кәсіпорынның мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары М.Ж. Жайымбетов, Қызылорда көлік прокуроры Е.Л. Лесбеков, облыстың бас мемлекеттік инспекторы Ғ.П. Қалиев және «АГМ-Табыс» ЖШС директорының кеңесшісі О.С. Имашеваның қатысуымен жұмысшылармен кездесу өткізілгені белгілі болды.
Ал, «АГМ Табыс» ЖШС директорының кеңесшісі О.С. Имашеваның айтуынша кәсіпорын жұмысшыларының жалақы мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 15-60%-ға өскен. Алайда, кейбір жұмысшылар арасында бос тұрып қалу себебі бойынша түсініспеушіліктер бар екендігін жасырмады.
Облыс әкімінің орынбасары М.Ж. Жайымбетовтың ұсынысы бойынша 16 ақпан сағат 09.00-ден бастап О.С. Имашева мәселесі бар барлық жұмысшыларды мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен (жұмыс беруші мен жұмыскерлердің келісімі бойынша) төленген жалақы бойынша егжей-тегжей ақпарат беру мақсатында қабылдау жүргізбек.
Алайда, кешкі сағат 18:00-ге таяп қалғанда жұмысшылар әкімдік, прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенін, бірақ серіктестік басшылығы қақпасын ашпағанын хабарлады.

"Азық-түлік бағасы күннен күнге көтеріліп жатса да жалақы сол күйінде қалды. Тіпті алып жүрген айлығымыздан аз шыққан. Оның үстінен басшылықтың кесірінен кеш жеткізілген жабдықтар үшін де айлығымыздан айыппұл есебінде 4 000 - 30 000 теңге аралығында ұстап қалған. Цехта еңбек ететін 200 шақты адамның жартысынан көбі осында шықты", - дейді ереуілшілердің бірі.
Оның айтуынша, компания басшылығы мәселені шешудің орнына қоқан-лоқы көрсетіп, цех сыртына шыққандар, яғни ереуілге қосылғандар жұмыстан қуылады деп дүрсе қойған.
Жұмысшылар жалақыны көтеруді ауызша талап еткен. Құзырлы орындарға жолданған бірде-бір талап-арыздың жазылмағаны да белгілі болды.
«2019 жылдан бері қызмет жасап келемін. Мемлекеттен жекеге өткелі депоның жағдайы мәз емес. Вагондарға жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысамыз. Жаңа жылға дейін 180 мың жалақы алып жүріп, 130 000 қолымызға тигенде таңырқап қалдық. Біз еріккеннен шығып отырған жоқпыз, ашынғаннан шықтық. Жұмысымыз жақсы жүріп отыр, ал айлығымыз болса мардымсыз. Енді бүгін екі күн бойына жұмыстан бас тартып, басшының келуін талап еттіп отырмыз. Ал серіктестік басшысы Алматыдан бүгін келіп, «ереуілге шыққандар жұмыстан шығарылсын,»,-деді»,- дейді ағаш жөндеу цехының маманы Мейрамбек Қыстауов.
Расында басшының жұмысшыларды мекеменің сыртына қарай шығарып жатқан бейнежазбасы да бар.
«Басшымыз Олеся Имашева келіп, бәрімізді заңсыз шығарып отыр. Еңбек шартын жасатқанда 5-күндік етіп белгіленген, бірақ 6-күн жұмыс жасаймыз. Тиісті еңбек демалысымызда жоқ. Енді адал еңбегімізге тиесілі жалақыны талап етудеміз.»,-дейді электрик Сәбит Өмірзақов.