"АрселорМиталл Теміртау" акционерлерінің арасында Назарбаевтың туыстары бар ма?

5 249

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үнді миллиардері Лакшми Миталлдың орнына басқа шетелдік инвестор келмейтініне сендірді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Шарлапаевтан Миталлдың орнын кім басатынын және мемлекет кеншілерге жұмысынан айырылмайтынына кепілдік беретін-бермейтінін сұрады.

"Үкімет меншік құқығы Қазақстанның пайдасына өткеннен кейін ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Бірнеше рет хабарланғандай, кәсіподақтармен ұжымдық шарттарға негізделген кәсіпорындардың барлық шарттары, еңбекақы, қызметкерлер саны жаңа инвестор келген кезде өзгеріссіз қалады", - деді министр.


Өнеркәсіп министрлігінің басшысы "АрселорМиттал Теміртау" жұмыс істеп тұрған кәсіпорын екенін және 2022 жылы табысы үш миллион доллардан асқанын атап өтті.

"Бұл өзін-өзі қамтамасыз ету үшін табыс табуды жалғастырып жатқан кәсіпорын. Сондықтан біз кәсіпорынды ұстау үшін бюджет қаржысы жұмсалады деп айту дұрыс емес деп санаймын", - деді Шарлапаев.


Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалып қойды. Бүгінде 46 кеншінің өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін кәсіпорынды мемлекеттік меншігіне өткізу туралы шешім қабылданған.  

Қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ инвесторы Лакшми Миттал мен басқарушы Палаватху Кришнанды "қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қасақана әрекетсіздігі" үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

Қазақстан президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Тіпті «АрселорМиттал Теміртау» біздің тарихымыздағы ең нашар компания екенін атап өтті. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

2022 жылы президенттікке үміткер болған Мейрам Қажыкен билік Костенко шахтасындағы апатқа бар кінәні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акционері Лакшми Митталға жауып отырғанын, ал шын мәнінде кеншілердің өліміне 90% үкіметтің өзі кінәлі екенін мәлімдеді. Алайда премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметті ақтап, жауапкершілікті кәсіпорын басшылығына ысыруды жөн санады.

Премьер-министрдің орынбасары кәсіпорынға қатысты жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті. Қанат Шарлапаев "АрселорМиталл Теміртау" акционерлерінің арасында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары бар ма деген сауалға:

"Жоқ. "АрселорМиттал" бізге берген ақпаратқа сәйкес, олар бұл кәсіпорынның 100 пайыз иесі. Сондай-ақ олардың бұл акцияларды еш кедергісіз қолдануына толық құқығы бар", – деп қысқаша жауап берді Шарлапаев.