ҚЫЗЫЛОРДАДА БАС ПРОКУРОРҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЗЫЛҒАН АРЫЗ ЖЕЛІДЕ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНУДА

5 691

Қызылорда қаласының  бас прокуроры Жақанов Ағыбай Қасымбайұлына  қалалық полиция бөлімінің басшылары жазған ұжымдық арызды Base.kz телеграмм каналы жариялады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Қызылорда Полиция  басқармасында жоғары лауазымды қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына ұжымдық арыз жолдаған. Бұл туралы  Base.kz  телеграм каналы жариялаған болатын. 


«Әрдайым бассыздыққа тап боламыз және де заңсыздық пен сыбайластыққа, ар-ожданымызға Қызылорда қаласының  прокуроры тарапынан қысым орын алып келетіндігі айтылған.  Тергеу бөлімінің қызметкерлері және де учаскелік полицейлер, криминалды полиция қызметкерлері ай сайын есеп үшін 10 000 теңгеден жинауға мәжбүрлі. Келіспеген жағдайда қалалық прокуратура тарапынан қасақана ұйымдастырылған тексерістер мен полиция бөлімшесінің атына теріс пікір қалдырылады. Тіпті үстіміздегі жылдың 6 желтоқсанында «Прокурлар  күні» мерекесі қарсаңында 10 000 теңгеден қаржылай жиналып, қалалық прокуратура мекемесінде арнайы мерекелік дастархан жайылып, спирттік ішімдіктер мекеме ішінде ішілді. Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесі үшін  тағы да жеке Жаханов  Ағыбай үшін 10 000 теңгеден қаржылай жиналды.,- делінген арызда.


Арызға қол қойған жандардың бірі Қызылорда қаласы Полиция тергеу бөлімінің орынбасары Алиев Марат  өз пікірінде:

«Бұл өтірік, жалған ақпарат деп жазып бердік. Бұл қаланың оқиғасына сәйкес келмейді. Двд-ның баспасөзі жариялады жалған екенін. Тексеру жүріп жатыр. Басқа алып қосарым жоқ.», - деп қысқа қайырды.


Тіпті тергеу бөлімінің әйел қызметкеріне сексуалды сипаттағы әңгімесі жазылған таспа бар екендігі де, тергеу бөлімінде тіркелмеген, бүркемеленген және де сот залына жетпеген істерге прокурордың тікелей қатысы бар екендігі де көрсетілген.

Алайда, қалалық прокуратураның қызметкері тарапынан  бүгінде облыстық  прокуратура тарапынан тексеру әрекеттері жүріп жатқандығын хабарлады. Ал, жергілікті полиция басқармасы қызметкерлердің арызынан және оның шынайылығы бойынша облыстық прокуратура ақпараттандыратынын атап өтті.  Жоғарыда айтылған қалалық прокуратура басшысының бүгінгі күні қызметтен уақытша шеттетілгендігін хатшылық тарап жеткізді. 

Аталған мәселе бойынша құзырлы органдарға арнайы сұрау салынды. Алдағы уақытта ол туралы қосымша жариялайтын боламыз.