Қызылордада 8 адам мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

1 707

istockphoto.comҚызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Арал ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. Автокөлік Қазалыдан Арал қаласына қарай бағыт алған.


«Жол бойында 63 жастағы жүргізушінің автокөлігі аударылған. Оның ішінде болған сегіз адамның біреуі қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.