22 жастағы жігіт 6 жасар қызды зорлаған
1 594
13 тамызда Ақмола облысының Целиноград ауданында сұмдық жағдай орын алды. Алты жастағы қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіден белгілі болғаны, ер адам 6 жастағы қызды құрылысы аяқталмаған үйге кіргізіп, іш киімін шешкен.
Полицияның хабарлауынша, ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі «зорлау» бойынша тергеу басталды.
«Сотқа дейінгі тергеу 120-бап, 4-бап бойынша жүргізілуде. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шеңберінде сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп жауап берді Ақмола облысы ПД.
Ұсталған ер адам – 2002 жылы туған Астана қаласының тұрғыны екені белгілі болды.