Алматы облысында хиджабтағы қызды зорламақ болған ҰҚК қызметкері 9 жылға сотталды
663
Бүгін Алматы облыстық Қарасай аудандық сотында хиджабтағы қызды зорламақ болған ҰҚК қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Еске сала кетейік, 2020 жылдың қарашасында Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақова әлеуметтік желілер арқылып үндеу жасап, өзін ҰҚК қызметкерінің зорламақ болғанын мәлімдеген еді. Жәбірленушінің айтуынша, қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні күш құрылымдарының қызметкері оны ұрып-соғып, зорлауға әрекеттенеді. Қылмысты іс материалдарына сәйкес, бойжеткен кешкісін такси тоқтатып тұрған. Сол кезде ҰҚК қызметкері оны үйіне дейін апарып тастайтынын айтып, көмек қолын созады. Алайда, ол арам ойын жүзеге асырмақ болып, қыз баланы сырттағы егіс алаңына әкеледі. Күдікті қызды тепкінің астына алып, зорламақ болған. Қуанышқа қарай, Айя оның қолынан сытылып шығады. Ол жанталас кезінде жердегі топырақты күдіктінің көзіне шашып, қашып кеткен.