«Ақындар жырлайды» атты аудандық ақындар мүшәйрасы өтті
Республика күні мерекесі қарсаңында кенттік мәдениет үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Астана», «Шапағат» медалінің иегері – Рүстем Ідірұлы Жанайдың 80 жылдығына орай «Ақындар жырлайды» атты аудандық ақындар мүшәйрасы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәдениет үйінің кіреберісіне кенттік кітапхана ұжымы «Таным. Тұлға. Тағылым» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кеш қонақтарына ақын шығармашылығы және өмірдерегін таныстырды.
Қазалы ауданындағы мәдениет үйінде аймақтың шығармашылық әлеуетін көрсететін талантты ақындар мен өнерпаздар бар. Олар өз шығармаларымен, поэзиясымен, өнерімен ауданның мәдени өміріне белсене қатысады.
Мәдениет үйінде өтетін түрлі әдеби-сазды кештер, поэзия конкурстары мен фестивальдерде ақындар белсенді қатысады. Аудандағы жастар арасында поэзияға қызығушылық артып келеді, бұл жаңа дарындардың ашылуына мүмкіндік береді.
Мәдениет үйі ақындар мен шығармашыл адамдар үшін шығармашылық кездесулер мен мастер-класстар өткізу алаңы болып табылады. Ақындар ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөледі, қоғамда патриоттық сезімді арттыруға ықпал етеді.
Ақындар мүшәйрасы — поэзия жанрындағы жарыс, онда қатысушылар өз шығармаларын оқып, шығармашылық шеберліктерін көрсетеді. Мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып, ақындардың танылуына, өнерлерін дамытуға және әдеби ортада байланыс орнатуына мүмкіндік береді.
Ақындар мүшәйрасы — мәдени шаралардың бірі, ол ауданның әдеби өмірін жандандырып, шығармашылықтың дамуына ықпал етеді.
Аталмыш шарада Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Бекет Жұмабекұлы мерекеге құттықтау сөз сөйлеп, байқау шымылдығын ашып берді.
Мұнан соң аудандық орталықтандырылған кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Злила Мұстафаева ақын өмірінен жылы естеліктермен бөлісті. Әрі қарай ақын сөзіне жазылған Кемеңгер Өтептің “Ойламаппын” әнін Әлібек Айдар орындады.
Екі кезең бойынша өткен мүшәйраға ауданға қарасты барлық ауылдық окрутерден 12-ге жуық жас ақын қатысты. Олардың сөз саптауын саралап, оқу мәнерін бағалауда Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік тілдің оқытушысы Жұбатқан Таңжанов төрағалық етіп, әділ шешім жасады.
Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесін бекарыстанбилік Ерқожа Шамша жеңіп алды. Ал бірінші орынды Лақалы ауылынан келген Алмабек Көмек алса, екінші орынды Қожабақы ауылының жас ақыны Нұрай Нұрмаш иеленді. Сонымен қатар үшінші орынды майдакөлдік Сақи Сәмет пен Гүлханым Еркінбайқызы, Сәулет Алдасыбергендер тең бөлісті.
Басқа да Гүлайым Нұрадин, Орынкүл Қани, Азамат Әбдібай сынды жас ақындар алғыс хат пен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін қоса атқарушы Н.Аралбаевтың дипломы және кенттік мәдениет үйі атынан сыйлықтар тарту етілді.