Шымкенттегі этноауылда өрт шықты

299
Шымкентте этникалық ауыл аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 26 тамызда түнгі 00.49-да "101" басқару пультіне әл-Фараби ауданы, Сапақ датқа көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан "Шымқала" этникалық ауылы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Өртсөндірушілер шақырту орнына 7 минутта жеткен. Оқиға орнында этникалық ауыл аумағында орналасқан ауданы 80 шаршы метр шатыр мен 8 шаршы метр аумақтағы қамыстан тұрғызылған сарай өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сағат 1.10 да оқшауланды және 1.19-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, деді ТЖД өкілі.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.